Иран дұшпанның әрекеттерін бақылап отыр
https://itolqyn.com/news/iran-i30432-Иран_дұшпанның_әрекеттерін_бақылап_отыр
ИИР армиясы теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Сайяри бүгінде Иран теңіз күштерінің аймақты толығымен бақылауға алып, дұшпанның әрекеттерін қадағалап отырғанын мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 02, 2017 23:00 Asia/Almaty
  • Иран дұшпанның әрекеттерін бақылап отыр

ИИР армиясы теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Сайяри бүгінде Иран теңіз күштерінің аймақты толығымен бақылауға алып, дұшпанның әрекеттерін қадағалап отырғанын мәлімдеді.

Сайяри әскери күштердің 47-ші флотилиясын қарсы алу салтанатында: "Ираның дос елдерге жолдауы ортақ мүдделерді қорғауды мақсат етеді. Дұшпандар Иранның өз мүдделері мен қазба байлықтарын қорғауға белді бекем буып отырғанын, және олардың қоқан-лоққыларынан қорықпайтынын білсін. Иран армиясының әскери флотилияларының алыс суларда тұрақты түрде қызмет атқарып жатқанына 9 жылға жуық уақыт болды. Иран армиясының стратегиялық теңіз күштері теңіздерде тұрақты қызмет атқару арқылы жағалау күші ғана емес екенін, Иранның мықты мемлекет екенін дәлелдеді",-деді.