Зариф: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының баптары қолжетімділіктің аясын айқындайды
ИИР Сыртқы істер министрі АҚХА-нің тексеру аясын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының баптары айқындайтынын мәлімдеді.
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні америкалықтардың Иранның әскери орталықтарына қолжетімділіктің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының аясына кіретіні туралы сөздеріне реакциясында: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының баптары инспекторлардың қолжетімділік аясын айқындайды. Америкалықтардың жасырын мақсаттары тексерістерге негіз бола алмайды»,-деді.
АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Никки Хейли осы жылдың тамыз айының 23 күні Венада АҚХА-ның Бас директоры Юкио Аманомен кездескен соң: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына сәйкес, Иранның әскери нысандары мен әскери емес орталықтарын тексерудің арасында айырмашылық жоқ»,-деген уәж айтты.
Осы кездесуден кейін АҚХА өткен бейсенбі күні жариялаған есебінде: «Иранның ядролық бағдарламасы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда»,-деп тағы қуаттады.