Іріктемелі ұстанымдар әлемде адам құқығының әлсіреуіне соқтырады
https://itolqyn.com/news/iran-i30451
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ғасеми Ирандағы адам құқығы мәселесіне қатысты арнайы инспектор Асма Джаһангирдің жаңа есебін қабылдамай: «Саяси әрі іріктемелі ұстанымдар әлемде адам құқығының әлсіреуіне соқтырады»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 03, 2017 21:32 Asia/Almaty
  • Іріктемелі ұстанымдар әлемде адам құқығының әлсіреуіне соқтырады

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ғасеми Ирандағы адам құқығы мәселесіне қатысты арнайы инспектор Асма Джаһангирдің жаңа есебін қабылдамай: «Саяси әрі іріктемелі ұстанымдар әлемде адам құқығының әлсіреуіне соқтырады»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми жексенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының үшінші комитетінің алдағы отырысында қарастырылатын Асма Джаһангирдің жаңа есебі туралы: «Иран кейбір белгілі мемлекеттердің толығымен саяси мақсаттарға сүйенген әрі іріктемелі мәлімдемесіне негізделген есепті ресми қабылдамай, оны заңсыз деп санайды. Кейбір мемлекеттердің, әсіресе адам құқығы әшкере бұзылып, лаңкестік топтар Йемен, Бахрейн және Мьянма елдерін адами апатқа тіреген жағдайда адам құқығы саласында саяси, қайталамалы және іріктемелі ұстанымдарды пайдалануы адам құқығы туралы уәж айтушыларды көбірек әшкерелеуден басқа нәтижеге жетпейді»,- деп қуаттады.