Иран Қарулы күштері дұшпанның амал-тәсілдеріне қырағылық танытуы керек
Иран Ислам Революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы мен ИИР-ның Қорғаныс және Қарулы күштерді қолдау министрі дұшпанның амал-тәсілдеріне қырағылық таныту қажеттігін қуаттады.
Иран Ислам Революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал Мұхаммед Джафари дүйсенбі күні Теһранда ИИР-ның Қорғаныс және Қарулы күштерді қолдау министрі бригада генералы Амир Хатамимен кездесуінде: "Ислам революциясы мен Иранның халқының дұшпандары өздерінің дәрменсіздіктеріне қарамастан, жүйеге санкция салу, қоқан-лоққы жасау және қысым көрсету стратегиясын әлі күн тәртібіне қойып отыр. Иран бұған қырағылықпен қарсы тұруы керек",-деді.
Бригада генералы Хатами бұл кездесуде Қорғаныс министрлігінің Иранның Қарулы күштерін жан-жақты қолдаудағы талпыныстарын қуаттап, пікірлесу, жақындасу және тәжірибе алмасу арқылы Қарулы күштердің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, Иранның қорғаныс базасын нығайту үдерісінде сенімдірек жағдайдың қалыптасатындығына үміт білдірді.
ИИР-ның Ислам Революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы мен ИИР-ның Қорғаныс және Қарулы күштерді қолдау министрі қорғаныс өнеркәсібін дұшпандарға қатаң жауап беретін сала деп атап: "Болашақ қауіп-қатерлер мен алдағы өзгерістерге жауап бере алатын қорғаныс әлеуетін арттыру – Иран Қарулы күштерінің стратегиясы. Бұл әлеует күннен күнге қарқынды дамып келеді",-деді.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи 2016 жылы 31 тамызда Иранның Қорғаныс министрі, жауапты тұлғалары, зерттеушілері мен мамандарының ортасында сөйлеген сөзінде қорғаныстық және басқыншылық күш-қуатты арттыруды ИИР-ның заңды құқығы деп атады.