Зариф ислам мемлекеттерінен Мьянма мұсылмандарына қарсы зорлық-зомбылықты тоқтату үшін шара қолдануды сұрады
https://itolqyn.com/news/iran-i30477-Зариф_ислам_мемлекеттерінен_Мьянма_мұсылмандарына_қарсы_зорлық_зомбылықты_тоқтату_үшін_шара_қолдануды_сұрады
ИИР Сыртқы істер министрі ислам мемлекеттерінен Мьянма мұсылмандарына қарсы зорлық-зомбылықты тоқтату үшін іс жүзінде шара қолдануды сұрады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 05, 2017 15:11 Asia/Almaty
  • Зариф ислам мемлекеттерінен Мьянма мұсылмандарына қарсы зорлық-зомбылықты тоқтату үшін шара қолдануды сұрады

ИИР Сыртқы істер министрі ислам мемлекеттерінен Мьянма мұсылмандарына қарсы зорлық-зомбылықты тоқтату үшін іс жүзінде шара қолдануды сұрады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Түркия Сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоғлу, Малайзия Сыртқы істер министрі  Анифа Аман және Индонезия Сыртқы істер министрі Ретно Марсудимен телефон арқылы сөйлесіп, Мьянма мұсылмандарының қайғылы жағдайына алаңдаушылық білдіріп, оларға қарсы зорлық-зомбылықтарды тоқтату үшін ислам мемлекеттерінен іс жүзінде шара ойластыруы сұрады.

Иран Сыртқы істер министрі  сонымен бірге телефон арқылы сұхбатта ИИР-ның халықаралық қауымдастық пен ислам елдерінің ұжымдық шараларына қатысуға әзірлігін мәлімдеді.