Хошру: Барлық елдер Мьянмада адами апаттың алдын алуға талпыныс жасауы керек
https://itolqyn.com/news/iran-i30527
ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Мьянма мұсылмандарының ауыр жағдайына алаңдаушылық білдіріп, алдағы күндері ислам елдері байланыс тобының отырысы өтетінін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 07, 2017 14:36 Asia/Almaty
  •  Хошру: Барлық елдер Мьянмада адами апаттың алдын алуға талпыныс жасауы керек

ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Мьянма мұсылмандарының ауыр жағдайына алаңдаушылық білдіріп, алдағы күндері ислам елдері байланыс тобының отырысы өтетінін хабарлады.

ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Ғоламали Хошру сәрсенбі күні IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Мьянмадағы геноцидтің жаңа кезеңін айыптап: «Барлық елдер Мьянмада адами апаттың алдын алуға талпыныс жасауы керек.

Рохинья мұсылмандары ғасырлар бойы Мьянмада өмір сүріп келеді. Алайда олар  ең қарапайым азаматтық құқықтардан да мақұрым қалып отыр»,-деді.

Ғоламали Хошру Мьянма армиясы мен оны демеушілердің өткен бірнеше күнде Ракхайн провинциясында мыңдаған үйді өртеп, жүздеген мың рохинья мұсылманын тау мен далаға босытып жібергеніне тоқталып: «ИИР соңғы күндері ислам елдерімен Мьянмада адами апаттың орын алуының  алдын алу мақсатында қарқынды кеңестер өткізді»,-деді.