Әлемдік қауымдастық рохинья мұсылмандарының қырғынын тоқтатуы тиіс
https://itolqyn.com/news/iran-i30567-Әлемдік_қауымдастық_рохинья_мұсылмандарының_қырғынын_тоқтатуы_тиіс
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф әлемдік қауымдастықтан Мьянмада рохинья мұсылмандарының қырғынын тоқтатуды сұрады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 08, 2017 16:32 Asia/Almaty
  • Әлемдік қауымдастық рохинья мұсылмандарының қырғынын тоқтатуы тиіс

ИИР Сыртқы істер министрі Зариф әлемдік қауымдастықтан Мьянмада рохинья мұсылмандарының қырғынын тоқтатуды сұрады.

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф  бейсенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында: «Әлемдік қауымдастықтың барша жұрттың көзінше рохинья мұсылмандары қырғынының жалғасуына рұқсат беруіне еш негіз жоқ.

Әлемдік қауымдастық тым кеш болмай тұрғанда Мьянмадағы рохинья мұсылмандарын қолдап, іске кірісуі керек»,-деді.

Сонымен қатар Адам құқығын қорғаушы ирандық заңгерлер қоғамының басшысы Набиулла Ахмадлу БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне хат жолдап, Мьянмада қорғансыз мұсылмандарды қатігездікпен қырып-жоюды айыптады: «Мьянмада қорғансыз мұсылмандарды қатігездікпен қырып-жою – адамзатқа қарсы қылмыстың, геноцид пен бір ұлтты жоюдың айқын мысалы. Соның салдарынан осы күнге дейін мыңдаған адам қаза тауып, босқынға айналып, мыңдаған әйел мен қызға зорлық жасалды. Өкінішке орай, мұның барлығы әлемдік қауымдастықтың үнсіздігі аясында орын алуда».