Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері әлемдік қауымдастықтың рохинья мұсылмандарын қырып-жоюдың алдын алуға көмектесетініне үміт жоқтығын айтып, мұсылман халықтарынан Мьянма армиясы мен буддисттердің қылмыстарына қарсы көтерілуге шақырды.
Теһран жұма намазының құтпагері аятолла Мовахеди Кермани әлемдік қауымдастықтың рохинья мұсылмандарын қырып-жоюдың алдын алуға көмектесетіндігіне үміттің жоқтығын айтып, мұсылмандардан Мьянма армиясы мен буддистердің қылмыстарына қарсы көтерілуге шақырды.
Осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпагері аятолла Мұхаммадәли Мовахеди Кермани сионистік режимнің рохинья мұсылмандарын қырып-жоюдағы рөліне тоқталып: «Адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтатын халықаралық ұйымдар мен БҰҰ-ның Мьянма үкіметінің қылмыстарына қатысты үнсіздігі өкініш тудырады»,-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері Сауд режимінің Йемендегі қылмыстарына тоқталып: «Сауд әулеті ислам дініне иман келтірмейді»,-деді.
Аятолла Мұхаммадәли Мовахеди Кермани, сондай-ақ, АҚШ-тың ИИР-ның әскери орталықтарын тексеруге талпыныс жасауына тоқталып: «АҚШ бұл арманын өзімен бірге көрге алып кетеді»,-деді.