Иран БҰҰ-ның штаб-пәтерінде өткізген Наурыз мейрамында жоғары деңгейлі қонақтарды күтті
Нью-Йорктегі БҰҰ-ның негізгі штаб-пәтерінде ежелгі Наурыз мейрамының рәсімдері БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілеттігінің басқаруы және басқа 12 елдің, сондай-ақ осы ұйымның Бас хатшысының қатысуымен өтті.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, БҰҰ-дағы Иранның тұрақты елшісі Ғоламали Хошру аталмыш шарада сөйлеген сөзінде Наурызды шаттық, бірлік, бірқалыптылық, табиғатты қорғау, үй мен адамның тазалығын көрсететін және үміт пен қуанышты, нұр мен өмірдің және махаббаттың хабарын жеткізетін мәдени-қоғамдық құбылыс деп бағалап: «Лаңкестік, соғыс, өлім мен қирау сынды сұм құбылыстарға себеп болып отырған экстремизм мен радикализмге шырмалған әлемде Наурыз бейбітшілік пен ымырашылықтың хабарын жеткізіп, әлемдік қауымдастық пен адамзатқа достық, бейбітшілік және әлем халықтары арасындағы ынтымақтастықты ұсынды»,- деді.
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун де аталмыш шараға қатысып, Наурызды тойлайтын Иран мен басқа елдерді құттықтап, наурызды ежелден келе жатқанымен замануи дүниемен байланысты дәстүр деп атады.