Сақшылар корпусы АҚШ армиясының басқарма орталықтарының құжаттарына қолжетімділікке ие
(last modified Sat, 16 Sep 2017 11:56:51 GMT )
Қыр 16, 2017 17:56 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусы АҚШ армиясының басқарма орталықтарының құжаттарына қолжетімділікке ие

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы: «Сақшылар корпусы өткен бірнеше жыл барысында АҚШ армиясының басқарма орталықтарының құжаттарына қолжетімділікке ие»,-деді.

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы бригада генералы Амирали Хаджизаде: «АҚШ Таяу Шығыс  аймағына қатысты маңызды бағдарламаларға ие болды. Ислам революциясының Сақшылар корпусы АҚШ-тың барлық жобаларын жеңіліске ұшыратты»,-деді.

Бригада генералы Хаджизаде Сақшылар корпусының АҚШ-тың аймақтағы әскери амалдары жайында құжаттарды қолға түсіргенін айтып: «Сақшылар корпусында АҚШ-тың Ирак пен Сириядағы лаңкестік топтарды қолдағаны туралы құжаттар бар. Егер оларды жариялауға рұқсат алса, бұл іс АҚШ-тың масқарасын шығарады»,-деді.

Бригада генералы Хаджизаде Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусын Таяу Шығыс аймағындағы басты күш деп атап: «Сақшылар корпусы сияқты армия дүние жүзінде жоқ. Тәкфиршілдермен күресу үшін аймаққа әлем елдері армияларының көбі келді, алайда ешқайсы Сақшылар корпусындай сәттілікке жете алған жоқ»,-деді. Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы, сондай-ақ, АҚШ-тың «бомбалардың анасына» иелігі туралы уәждеріне тоқталып: «Иранда «бомбалардың атасы» бар. Иранның қорғаныс өнеркәсібі Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің тапсырысымен шамамен 10 тонна салмағы бар бомбаларды шығарды»,-деді.