Батыстың лаңкестікті құрал ретінде пайдалануы оның Еуропаның орталығына жылдам таралуына себеп болды
https://itolqyn.com/news/iran-i30829
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Шамхани: "Еуропада өткен күндерде орын алған оқиғалар кейбір елдердің Ирак пен Сириядағы лаңкестікті құрал ретінде пайдалануы салдарынан оның ауыздықтауға келмейтін қорқынышты құбылысқа айналғанын көрсетеді",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 17, 2017 08:53 Asia/Almaty
  • Батыстың лаңкестікті құрал ретінде пайдалануы оның Еуропаның орталығына жылдам таралуына себеп болды

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Шамхани: "Еуропада өткен күндерде орын алған оқиғалар кейбір елдердің Ирак пен Сириядағы лаңкестікті құрал ретінде пайдалануы салдарынан оның ауыздықтауға келмейтін қорқынышты құбылысқа айналғанын көрсетеді",-деді.

Әли Шамхани Теһран қаласында Бельгия Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы Зигфред Брэйкпен кездесуінде: "Кейбір аймақтық елдер мен Батыстың лаңкестерді қару-жарақпен қамтамасыз етіп, жаттығудан өткізуі оның Еуропаның орталығына жылдам таралуына себеп болды",-деді.

Бельгия Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы Зигфред Брэйк кездесуде Иранның аймақтағы лаңкестікпен күреске қатысты шараларына алғыс айтып: "Иран аймақта тұрақтылықтың факторы болып терроризммен күресте маңызды рөл атқаруда",-деді.