Иран Президентінің БҰҰ-ның Бас ассамблеясында сөйлеген сөзі қисынды әрі кесімді болды
https://itolqyn.com/news/iran-i31061
Иран Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Шахруди Иран Президентінің БҰҰ Бас ассамблеясында АҚШ Президентінің бос сөздеріне берген жауабын батыл, қисынды әрі кесімді болды деп бағалады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 24, 2017 13:38 Asia/Almaty
  • Иран Президентінің БҰҰ-ның Бас ассамблеясында сөйлеген сөзі қисынды әрі кесімді болды

Иран Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Шахруди Иран Президентінің БҰҰ Бас ассамблеясында АҚШ Президентінің бос сөздеріне берген жауабын батыл, қисынды әрі кесімді болды деп бағалады.

Иран Президенті Хасан Рухани өткен сәрсенбі күні Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 72-ші сессиясында: «АҚШ Президенті Дональд Трамптың БҰҰ Бас ассамблеясында Иранға қарсы қате мәліметтер мен негізсіз айыптауларға толы сұрқия әрі кекке толы сөздері бұл ұйымның мәртебесіне сай болмағаны былай тұрсын,  барша халықтың осы саммиттен күтетін талап-тілектеріне қайшы»,-деді.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының жаңа шақырылымының бірінші отырысы кеше сенбі күні таңертең аятолла Махмұд Хашеми Шахрудидің басшылығымен және мүшелерінің көбінің қатысуымен өтті.

Аятолла Хашеми Шахруди осы жиналыста Трамптың БҰҰ Бас ассамблеясындағы сөздерін түкке тұрғысыз құнсыз сөздер деп атап: «Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, бұл сөздер АҚШ-тың әлсіздігінен, ашу-ызаға булығуы мен дәрменсіздігінен айтылып отыр»,-деді.