Иран армиясының құрлық күштері аймақтағы бірегей күш
ИИР армиясы құрлық күштерінің қолбасшысы Хейдари: «Иран армиясы ұлттық және аймақ деңгейінде назар аударарлық күш-қуатқа ие бірегей күштер саналады»,- деп қуаттады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран армиясы құрлық күштерінің қолбасшысы Киюмарс Хейдари: «Армия құрлық күштерінің жетістіктері – Иранның қорғаныс күштерінің бір бөлімі. Егер дұшпан ақымақтық жасаса, қарулы күштер жылдам әрекет жасап, шабуылшыларға қатаң жауап қайтарады. Иран армиясының құрлық күштері толығымен дайын жағдайда. Бұл күштер Иранды, сонымен бірге ислам әлемін қорғау күшіне ие»,- деді.
«Қасиетті қорғаныс» аптасының үшінші күні жескенбіде ИИР армиясы құрлық күштерінің «Хейдар-41», «Хейдар-44» және «Хейдар-7» жобалары сынды жаңа жетістіктерінің тұсаукесер рәсімі өтті.