Зариф: Америка – сенімсіз ел
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф Американы тағы да сенімсіз ел деп атады.
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зариф америкалық СNN арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың қазіргі істеп отырған ісінің оның болжауға келмейтін ел екенін, сонымен қатар сенімсіздігін дәлелдейтінін айтты.
Зариф егер АҚШ Президенті Дональд Трамп "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығатын болса, онда әлем елдерінің Трамптың басқа келіссөздердегі мақсаттарына қатысты күмәнданатынын қуаттап: "Егер әлем АҚШ-тың сөзіне сене алмаса, онда ешкім АҚШ-пен келіссөз жасамайды, өйткені бұл елдің тек өзінің жеке мүдделерін ғана көздейтінін біледі. ИИР АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасына қатынасы үдерісінің нәтижесіне қарап, таңдау жолдарын қарастырады. Иран әртүрлі таңдау жолына ие. Соның бірі – "Ортақ қадам жан-жақты бағдарламасынан шығып, бірден ядролық келісімге дейінгі жағдайға оралу",-деді.