Амоли Лариджани: Иранның зымырандық мәселесі келіссөздерде мүлдем талқыланбайды
Иранның Жоғары соты ИИР-ның зымырандық және қорғаныс мүмкіндіктерінің келіссөздерде мүлдем талқыланбайтынын қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, аятолла Садық Амоли Лариджани дүйсенбі күні Теһранда соттың жоғары басшыларының отырысында АҚШ-тың аймақтағы қастандықтарының сәтсіздікке ұшырағанына тоқталып: «АҚШ Президентінің ашуының себебі Иранның оның аймақ пен әлемдегі есептерін бұзуы болды. АҚШ ислам революциясының жеңісінің басынан осы уақытқа дейін аймақтың саяси географиясын өзгерту үшін көп қаржы жұмсады, бірақ барлық жобалары Иран, Сирия, Ирак және Йемен халқының қарсыласуымен іске аспады. Әлемнің қоғамдық пікірі АҚШ-тың Вьетнам, Ирак және Ауғанстандағы қылмыстарын ұмытқан жоқ. Сондай-ақ, бұл мемлекеттің қылмыскер сионистік режимнің Палестинаның езілген халқы мен аймақтағы кертартпа үкіметтердің Йеменнің жазықсыз халқын қырып-жоюын қолдайтыны толық әшкереленді» деді.