Джафари: Иранның зымырандары нысанаға дәл тиеді
Иран Ислам Революциясы Сақшылар корпусының Бас қолбасшысы осы корпустың барлық зымырандарының нысанаға дәл тию қабілетіне ие екенін айтты.
Генерал Мохаммад Али Джафари кеше сәрсенбі күні түнде Иран телеарнасына Сақшылар корпусының Сирияның Дейр эз-Зордағы ДАИШ лаңкестік тобының базасына жасаған шабуылы туралы берген сұхбатта: «Корпустың зымырандары ДАИШ лаңкестік тобының Иран Мәжілісі мен имам Хомейнидің қасиетті кесенесіне маусым айында жасаған әркетіне жауап ретінде дәлдеп атылып, бағытталып, алдын ала белгіленген жерге тиді. Корпустың ДАИШ базасына жасаған зымырандық шабуылы ИИР-ның зымырандары Ирактан өтіп, үшінші ел, яғни Сирияға еніп, нысанаға дәл тиеді деген ең үлкен жолдауға ие болды» деді.