Иран АҚШ-тың адам саудасына қатысты саясаттарын сынады
ИИР-ның БҰҰ-дағы өкілінің орынбасары АҚШ-тың адам саудасына қатысты саясаттарын сынады.
ИИР-ның БҰҰ-дағы өкілінің орынбасары Исхақ Але Хабиб АҚШ Мемлекеттік департаментінің адам саудасына қатысты жылдық есебіне тоқталып: «Саясаттарымен миллиондаған адамды контрабанда мен теріс пиғылда пайдалану қатеріне ұшыратып, өз жауапкершілігін сезінбейтін елдер осы тақырыпта есеп дайындауға ақлақтық тұрғыдан лайық емес»,-деді.
АҚШ Мемлекеттік департаменті Вашингтонның Иранға қарсы жауластық қатынасын жалғастырып, өз есебінде: «ИИР адам саудасын жою үшін минималды стандарттарды сақтамай отыр»,-деген уәж айтты.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми де осыдан бұрын аталмыш есепке реакция білдіріп: «Адам саудасы көбінесе АҚШ пен оның одақтастарының қатысы бар біржақты, ішкі іске араласушы және басқыншы саясаттар мен ауыр соғыстар, геноцид пен лаңкестіктен бастау алып отыр»,-деді.
ILO халықаралық еңбек ұйымының есептеуі бойынша, жылына 4 млн 200 мың адам адам контрабандасының құрбаны болып, онымен айналысатын адамдарға 32 млрд доллар заңсыз табыс әкеледі.