Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 30 Sep 2017 12:31:23 GMT )
Қыр 30, 2017 18:31 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының имамы Күрдістан аймағын Ирактан бөлу туралы референдумды сионистік жоба деп атады.

Аятолла Мұхаммад Имами Кашани Теһранның кешегі жұма намазында: «Егер Күрдістан аймағы Ирактан бөлінсе, бұл елдің бөлінуіне себеп болғандар келешекте жасаған опасыздықтарына жауап беруге міндетті болады. Ирактың Күрдістан аймағының басшылары АҚШ пен сионистік режимнің «жаңа Таяу Шығыс» жобасын іске асыруға атсалысудын орнына оларға қарсы шығуы керек»,- деді.

Аятолла Имами Кашани сондай-ақ: ««Қасиетті қорғаныс» көптеген құндылық тудырып, дұшпанның үмітін үзуіне себеп болды. Иран басшылары егер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты мәселеде АҚШ-тың уәде бұзушылықтарына табандылықпен қарсылық танытып жатса, бұл Ашура мектебін өз үлгісі санайтын жауныгерлердің шәһәдаттары мен жанкештіліктерінің арқасында»,- деді.

Аятолла Имами Кашани Исламның ұлық пайғамбарының немересі имам Хусейн (ғ.с.)-ның шәһәдатының жылдығына көңіл айтып: «Ашура мектебі қасиетті адамдарды тәрбиеледі. Сондықтан Исламның жастары дұшпанға қарсы табандылық көрсету үшін жанкештілік пен руханилықты Кербала шәһидтерінен үйренуі керек»,- деп баса айтты.