Ирактың Күрдістан аймағының бөліну туралы референдумы аймақтың тұрақтылығына қатер төндіреді
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф барлық елдердің шекаралары мен аумақтық тұтастығына құрметпен қараудың маңызды екенін айтып: «Ирактың Күрдістан аймағының бөліну туралы референдумы аймақтың тұрақтылығына қатер төндіреді»,-деді.
Мұхаммад Джавад Зариф Al-Jazeera телеарнасына берген сұхбатында: «ИИР Ирактың Күрдістан аймағында өткен бөліну туралы референдумды заңсыз әрі Ирактың Конституциясына қайшы деп санайды»,-деді.
ИИР Сыртқы істер министрі Иранның әрдайым Ирактың күрд халқының демеушісі болғанын айтып: «Иран Ирактың Күрдістан аймағына ДАИШ лаңкестік тобымен күресуге көмектескен алғашқы елдердің бірі болды»,-деді.
Мұхаммад Джавад Зариф Иранның Ирактың Күрдістан аймағының досы болып қала беретінін айтып: «Ирактың Күрдістан аймағында бөліну туралы референдум өткізу аймақ пен Иранның күрд достарының мүддесіне сай емес. Ирактықтар бірлесе отырып, өз қиындықтарын ел Конституциясы аясында келіссөздер арқылы шешуі керек»,-деді.
Ирактың Күрдістан аймағында бөліну туралы референдум дүниежүзілік қарсылық пен Ирак үкіметінің қатаң реакциясына қарамастан, Масуд Барзанидің талабымен дүйсенбі күні өткізілді. Барзанидің бұл шарасы Ирактың Конституциясын бұзу болып табылады.