Зариф: АҚШ-тың санкциялары Иранның ядролық дамуына әсер еткен жоқ
Қаз 02, 2017 22:30 Asia/Almaty
ИИР Сыртқы істер министрі: "АҚШ Иранға қарсы барлық санкцияны салса да, бұл санкциялар америкалықтарды діттеген мақсаттарына жеткізбеді",-деді.
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зариф Global Publishing басылымына берген сұхбатында: "АҚШ Иранға қарсы санкция салуды бастаған кезеңде Иранның 200-ден аз центрифугасы болған. Алайда, АҚШ 2013 жылы келіссөздерді бастаған уақытта Иранның 20000 центрифугасы болды", - деп баса айтты.
Зариф "алтылық" тобы мен Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасы тұрғысындағы келісімінің мақсатын келіссөз жүргізген жеті тараптың мүдделері аясындағы алаңдаушылықтарды шешу болған деп атап: "Дүниежүзілік қоғамдастық Иранның ядролық қару жөніндегі келісімін дұрыс түсінді. БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына қатысушы елдердің көбі аталмыш келісімді қолдап, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын барлық тараптардың құрметтеуі қажеттігін қуаттады" деді.
Тегтер