Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен имам Хосейнге (ғ.с.) арналған аза рәсімдерінің соңғы шарасы өтті
(last modified Tue, 03 Oct 2017 08:33:47 GMT )
Қаз 03, 2017 14:33 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен имам Хосейнге (ғ.с.) арналған аза рәсімдерінің соңғы шарасы өтті

Имам Саджад (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы қарсаңындағы кеште Теһрандағы имам Хомейни атындағы діни мекенде Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи және ел басшылары мен мыңдаған адамның қатысуымен имам Хосейнге (ғ.с.) арналған аза рәсімдерінің соңғы шарасы өтті.

Рәсімде ходжат ул-ислам уал-муслимин Хосейни Қуми имам Саджад (ғ.с.) өмірінің саяси, қоғамдық, ғылыми және діни тұрғыларына тоқталып: «Хазірет қиын жағдайда, Язид пен Амави үкіметтерінің қысымдары мен зорлық-зомбылықтары кезінде Исламның ұлық пайғамбарының әулетін тарихи тығырыққа тірелген жағдайдан ғиззатпен шығарды. Имам Бақер (ғ.с.) мен имам Садық (ғ.с.) кезіндегі ғылыми қозғалыстың алға ілгерілеуі имам Саджадтың (ғ.с.) талпыныстарына борыштар»,- деді.

Рәсімде пайғамбар (с.ғ.с.) әулеті мен пәк имамдарды мадақтаушылар мәрсие оқыды.

Имам Хосейн (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығына қатысты аза рәсімдері мұхаррам айының жетісінен он екісіне дейін Теһрандағы имам Хомейни атындағы  діни мекенде өтті.