Бүгін – имам Зейн әл-Абидин (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы
(last modified Tue, 03 Oct 2017 08:55:40 GMT )
Қаз 03, 2017 14:55 Asia/Almaty
  • Бүгін – имам Зейн әл-Абидин (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы

Бүгін, сейсенбі хиджри қамари күнтізбесі бойынша 1439-шы жылдың мұхаррам айының 12ші жұлдызы, сәйкесінше 2017-ші жылдың қазан айының үші – исламның ұлық пайғамбары немерелерінің бірі, имам Хосейн (ғ.с.)-ның «Саджад» деген лақап атпен танымал болған перзенті имам Зейн әл-Абидин (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы.

Шиіттердің төртінші имамы хазірет Зейн әл-Абидин (ғ.с.) хиджри қамаридің 38-ші жылы Медине қаласында дүниеге келген. Хазірет Исламның ұлық пайғамбарының әулеті өте қиын жағдайда өмір сүрген кезде ғұмыр кешті.

Кербала оқиғасы кезінде науқастанып қалған имам Саджад (ғ.с.) имам Хосейн (ғ.с.)-ның үлкен қозғалысынан кейін бұл қозғалыстың жолдауын жеткізу және әкесінің жолын жалғастыру міндетін мойнына алып, көтерілістің маңыздылығын көрсету үшін көптеген талпыныс жасады.

Имам Саджад (ғ.с.)-нан Ислам дінінің мәңгілік тағылымдарын баяндаған дұғалар жинағы қалды. Олар «Сахифе Саджадие» кітабында жинақталып, мұсылмандардың сенімді кітаптарының біріне айналды.

ИИР Телерадио бірлестігі әлемнің барша мұсылмандарына имам Саджад (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығына байланысты көңіл айтады.