Аргентинаның астанасында АҚШ-тың жалауын өртеді
АҚШ Президенті Барак Обаманың Аргентинаға сапары барысында Буэнос-Айресте халық америкалық жалауды өртеді.
Иран Телерадио ұйымының Reuters-ке сілтеме жасап хабарлауынша, жүздеген адам Аргентина астанасы Буэнос-Айрестің көшелеріне шығып, қолдарына плакаттар ұстап, ұрандар айтып, Обаманың осы елге сапар шегуіне наразылық білдірумен қатар, АҚШ-тың жалауын өртеді.
АҚШ Президенті Барак Обама сәрсенбі күні Буэнос-Айреске келгеннен кейін қатаң қауіпсіздік шаралары аясында АҚШ-тың елшілігіне жеткізілді.
Жыл сайын АҚШ-тың қолдауындағы әскери қызметкерлердің төңкерісі күні Буэнос-Айрес көшелері мен президент әкімшілігі ғимаратының алдында ауқымды шерулер ұйымдастырылады. АҚШ Президенті Аргентинаға сапармен келуіне байланысты елдің қауіпсіздік қайраткерлерін осы шерулерде толқулар мен қақтығыстардың орын алуы алаңдатып отыр.