АҚШ "Ортақ қадамды" жүзеге асырудағы міндеттемелерін бұзуды жалғастыратын болса, Иранның таңдау жолы көп
https://itolqyn.com/news/iran-i31339-АҚШ_Ортақ_қадамды_жүзеге_асырудағы_міндеттемелерін_бұзуды_жалғастыратын_болса_Иранның_таңдау_жолы_көп
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф АҚШ "Ортақ қадам" бағдарламасындағы міндеттемелерін бұзған жағдайда Теһранның көптеген таңдау жолдарына ие екенін айтып, Сауд Арабиясынан аймақтағы қате саясаттарын түзетуді сұрады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 04, 2017 07:43 Asia/Almaty
  • АҚШ

ИИР Сыртқы істер министрі Зариф АҚШ "Ортақ қадам" бағдарламасындағы міндеттемелерін бұзған жағдайда Теһранның көптеген таңдау жолдарына ие екенін айтып, Сауд Арабиясынан аймақтағы қате саясаттарын түзетуді сұрады.

Мұхаммед Джавад Зариф Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тың "Ортақ қадам"жан-жақты бағдарламасындағы уәде бұзушылықтарын сынап, АҚШ уәде бұзушылықтарын жалғастырған жағдайда Теһранның да Американың сындарсыз әрекеттерімен қарсыласу үшін әртүрлі таңдау жолдарын жүзеге асыратынын бірнеше рет ескерткенін айтты.

ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ Президенті Дональд Трамптың «Ислам республикасымен келісімге келу АҚШ-тың пайдасына шешілмейді» деген уәжіне сілтеме жасап: "Бұл сөздер дұрыс мағлұматтан алыс болуымен қатар, әрбір келісімнің барлық тараптың үддесінен шыға алмайтынын да естен шығармау керек» деді.

Зариф Иран мен Сауд Арабиясының қарым-қатынасындағы қайшылықтардың жалғасуы жөнінде: "Иран өткен төрт жылда Арабстанмен қиындықтары мен алауыздықтарын шешуге әзірлігін сан рет жариялағанымен, Арабстан бұл салада ешқашан қадам жасамады", -деді.