Қажылық туралы Ислам революциясының көзқарасы
«Ислам жүйесі осы майданға қарсы табандылық танытып, шабуыл жасайтын үлкен әлеует пен мүмкіндікке ие. Бұл қауіпті майданмен қарсыласудың жолы – ағартушылық пен белсенді әрі оң жарнама жасауда. Қажылық осындай әрекет үшін негізгі орталықтардың бірі».
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи кеше сейсенбі күні ирандық қажылардың басшысы мен биылғы жылғы қажылық ісіне жауапты адамдар және ұйымдастырушылармен кездесуде ИИР-на қарсы өте қатерлі әрі белсенді, жарнамалық әртүрлі құрал-жабдықтар және мүмкіндіктермен жабдықталған майданның бар екендігіне тоқталып: «Ислам жүйесі осы майданға қарсы табандылық танытып, шабуыл жасайтын үлкен әлеует пен мүмкіндікке ие. Бұл қауіпті майданмен қарсыласудың жолы – ағартушылық пен белсенді әрі оң жарнама жасауда. Қажылық осындай әрекет үшін негізгі орталықтардың бірі» деді.
Ислам революциясының жетекшісі қажылық кезінде Иранға халықпен қарым-қатынас орнатып, "Кумейл" дұғасын оқуды, "Мүшіріктерден безу" рәсімін орындауға тыйым салуды немесе шектеу қоюды, сондай-ақ Ислам респуликасына қарсы үгіт-насихат жүргізуді Сауд үкіметінің Иранға қарсы ұстанымдарының белгісі деп атап: "Қазіргі таңда Ислам әлемінде көптеген адам Иранның тілінен шындықты естігісі келеді. Сондықтан, үстемдікке қарсы тұру, Батыстың болмысын әшкерелеу, ислам дұшпандарынан алыстап, "Кумайл" сынды дұғалардың мазмұнын жақсы тіл және дәлелемен жарнаманың жаңа құралдары арқылы халықтарға жеткізу керек",- деді.
Қазіргі дағдарысқа толы дүниеде халық шындықты іздеуде. Мұндай жағдайда және әрқашан оқиғалар туралы қате мәлімет таратып, шындықты жасыратын Батыстың ақпарат құралдары мен ауыр жарнамамен кезікке кезде тек екі ағым шындықты көрсете алады. Бұл екі ағымның бірі жанкештілік пен шәһид болуды талап ету мен революцияшыл рухқа ие болу саналады. Бұл маңызды қозғалыстың мәңгілік үлгілерінің бірі – есімдері тарихта мәңгі қалып, келешек ұрпақ үшін үлгі болатын шәһид Ходжаджи сынды адамдар.
Исламның ұлық пайғамбары әулетінің қасиетті кесенесін қорғаушы Мохсен Ходжаджи 2017 жылдың тамыз айының 9 күні Сирия мен Ирактың шекарасында ДАИШ лаңкестік тобының қолына тұтқынға түскеннен кейін шәһид болды. Осыған орай аятолла Хаменеи: "Өмірдің ең қатерлі сәттерінде жалғандықтың алдында шындықты әшкерелеген бұл шәһидтің рухына сәлем мен салауат. Шынайы ниет және мазлұм түрде шәһид болуымен өзін барлық халық үшін ғазиз еткен бұл шәһидке Алланың нұры жаусын",- деді.
Негізінде Исламның дұшпандары революцияшыл және шәһид болуды талап ететін рухтан қорқады. Алайда Исламның шынайы жолдауын әлемдіктерге жеткізетін екінші әсерлі ағым шындықты тарату және үстемшіл елдердің болмысын әшкерелеу саналады. Бұл үлкен міндет басқа уақытпен салыстырғанда ерекше жағдайда айқынырақ байқалады. Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, «Қажылық – әлем халықтарымен байланыс орнатып, қарсы тараптың теріс жарнамаларын залалсыздандыру үшін ең жақсы мінбер". Бүгінде Ислам мен діни құндылықтарға қоқан-лоққы болып отырған мәселе – Исламның атымен зорлық-зомбылық жасау мен іріткі салатын әрекеттер. Қажылық кезінде Иран халқының бірілігі мен дұшпанды тану тәжірибесімен басқа халықтармен бөлісу қастандықтарды залалсыздандыруға көмектесе алады. Хазірет аятолла Хаменеи Иранға қарсы теріс жарнаманың көптігі салдарынан адамдардың ойында күдік-күмәннің болуын табиғи іс деп атап: «Қажылық кезінде саудиялық жауапты басшылар бетсіздікпен теледидарға шығып, ИИР-на қарсы сөздер айтты. Мұндай сөздердің басқа елдердің қарапайым халқының ойында күдік тудыратындығы табиғи жағдай. Бірақ, халықпен байланыс орнатып, күмәндарды жойып, қарсы тараптың қоршауын бұзу керек» деді.