Сионистік режим Палестина тарихы мен мәдениетін жоюды көздеп отыр
https://itolqyn.com/news/iran-i31411-Сионистік_режим_Палестина_тарихы_мен_мәдениетін_жоюды_көздеп_отыр
Палестинаның исламдық джиһад қозғалысының Теһрандағы өкілі: "Сионистік режим тайпалық-нәсілдік тазалау негізінде құрылып, Палестинаның тарихы мен мәдениетін жоюды көздеп отыр",- деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 05, 2017 21:37 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Палестина тарихы мен мәдениетін жоюды көздеп отыр

Палестинаның исламдық джиһад қозғалысының Теһрандағы өкілі: "Сионистік режим тайпалық-нәсілдік тазалау негізінде құрылып, Палестинаның тарихы мен мәдениетін жоюды көздеп отыр",- деді.

Палестинаның исламдық джиһад қозғалысының Теһрандағы өкілі Насер Абушариф «Палестиналық балалар мен жасөспірімдермен ынтымақтастық» атты отырыста шәһид Мұхаммад әд-Дурраның рухын еске алып: "Сионистік режим – нәсілшіл режим. Оның қалыптасуы заңсыз отарлау әрекетіне негізделген",- деді.

Абушариф сионистік режимнің барлық қылмыстарының адам құқықтарын қорғаушы деп аталатын ұйымдардың көз алдында орын алып жатқанына тоқталып: "Бұл ұйымдар ешқашан әсерлі әрекет жасамайды",- деді.

Палестинаның исламдық джиһад қозғалысының Теһрандағы өкілі сондай-ақ аймақ елдерінен сионистік режимге қарсы бірігіп, бұл режимнің шынайы болмысын танып-білу қажеттігін сұрап: «Себебі, аймақтың қай жерінде қиындық туындайтын болса, оған дәл сол режимнің қатысы бар болып шығады» деді.

Шәһид Мұхаммад әд-Дурраны еске алуға арналған «Палестиналық балалар мен жасөспірімдермен ынтымақтастық» атты алғашқы отырыс бейсенбі күні таңертең Теһранда өтті.