Анзали еркін сауда аймағы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы сауда ынтымақтастығын арттыру қажеттігі қуатталды
Иранның солтүстігінде орналасқан Анзали еркін сауда аймағы ұйымының атқарушы директоры мен Әзірбайжан Республикасының Ирандағы елшісі екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды арттыру қажеттігін қуаттады.
Анзали еркін сауда аймағы ұйымының атқарушы директоры Реза Масрур Әзірбайжан Республикасының Ирандағы елшісі Бониад Хусейновпен кездесу кезінде: "Екі ел сауда қатынастарын дамыту және Солтүстік-Оңтүстік халықаралық дәлізін іске қосу үшін көптеген әлеуеттерге ие. Анзали еркін сауда аймағы ұйымы осы дәліздің тауар тасымалдаушы жаңа бағыттарын мен халықаралық дәліздерді іске қосуда жақсы келісімдерді жүзеге асырды",- деді.
Масрур сондай-ақ Иран мен Әзірбайжан Республикасының мамандандырылған көрме өткізудегі әлеуеті мен әріптестіктеріне тоқталып: "Иран мен Әзірбайжан Республикасының мамандандырылған көрмесі жақын болашақта екі елдің экспорттаушы және импорттаушыларының қатысуымен Анзали еркін сауда аймағында өткізіледі",- деді. Әзірбайжан Республикасының Ирандағы елшісі Бониад Хусейнов те Анзали еркін сауда аймағының Каспий теңізі жағалауындағы елдер арасындағы сауда қарым-қатынастарды кеңейтудегі рөлін өте маңызды деп бағалап: "Бұл аймақ екіжақты сауда қатынастары мен үшінші елдердегі сауда байланыстарын кеңейтуде үлкен ықпалға ие болмақ.
Әзірбайжан Республикасы Рашт-Анзали-Астара темір жол магистраліне 100 миллион доллар көлемінде инвестиция салуға әзір",- деді.