ИСИМ - АҚШ-тың қолшоқпары
(last modified Thu, 24 Mar 2016 11:55:14 GMT )
Нау 24, 2016 17:55 Asia/Almaty
  • ИСИМ - АҚШ-тың қолшоқпары

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы Мохсен Резаи: "ИСИМ - АҚШ-тың қолшоқпары. Ол бір күні бумеранг тәрізді АҚШ пен оның батыстық одақтастарына қайтып келетін болады" деді.

ИРНА-ның хабарлауынша, Мохсен Резаи сәрсенбі күні Instagram желісіндегі өзінің жеке парақшасында АҚШ-тың аймақтық елдерге араласушылығы туралы: "АҚШ пен Батыс аймақтық елдердің ішкі істеріне араласу үшін ИСИМ-ді қалыптастырды. Қазір бұл лаңкестік топ өздеріне қатер төндіріп отыр" деп жазды.

Мохсен Резаи сейсенбі күні Бельгия астанасы Брюссельде орын алған лаңкестік шабуылдар туралы: "АҚШ соңғы онжылдықта Арабстанмен бірігіп, Ауғанстан мен Пәкістанда өз саясатын жүзеге асыру үшін Талибан тобын қалыптастырды. Оның салдары 11 қыркүйек оқиғасының себепкерлері болған әл-Каида есімді топтың құрылуы болды" деп жазды.

Мохсен Резаи лаңкестік топтарды қолдаудың тәжірибесінің бұл жолы Сирияда қайталанғанын және надандық, фанатизм мен қаржының қосындысынан туындаған ИСИМ тобының бумеранг сияқты АҚШ пен одақтастарына қарай қайта оралғанын айтты.