Иранның зымырандық бағдарламасы талқылауға жатпайды
(last modified Sat, 07 Oct 2017 09:52:33 GMT )
Қаз 07, 2017 15:52 Asia/Almaty
  • Иранның зымырандық бағдарламасы талқылауға жатпайды

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми жұма күні кешке "ИИР өзінің зымырандық бағдарламасы жөнінде сұхбаттасуға дайын" деген Reuters ақпарат агенттігінің ақпаратын теріске шығарып:

"Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің жуырдағы Нью-Йоркке сапары барысында шетелдік басшылармен жүзеге асырған кездесулері мен сұхбаттасулар секілді дипломатиялық шаралар кезінде және ашық білдірген ұстанымдарында Иранның қорғаныстық бағдарламаларының келіссөз жүргізуге немесе талқылауға жатпайтынын бірнеше рет баса айтып, бұл істің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қайшы емес екендігін мәлімдеген болатын",- деді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы қорғаныстық-зымырандық бағдарламаларын ИИР-ның даусыз құқығы деп баса айтып: "Иран қорғаныстық және белгіленген стандарттық стратегиялар шеңберінде өзінің зымырандық бағдарламаларын жалғастырады",- деп мәлімдеді.

Reuters ақпарат агенттігі жұма күні ИИР өзінің зымырандық бағдарламасына қатысты сұхбат жүргізуге әзір деп хабарлаған болатын.