Иранның зымырандық әлеуетін шектеу – өңге айналмайтын түс
https://itolqyn.com/news/iran-i31453
Иран Сыртқы істер министрі: "ИИР өзінің зымырандық және қорғаныстық әлеуетін сақтауға қатысты Батыс елдерінің шектеулерін ешқашан қабылдамайды",- деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 07, 2017 17:08 Asia/Almaty
  • Иранның зымырандық әлеуетін шектеу – өңге айналмайтын түс

Иран Сыртқы істер министрі: "ИИР өзінің зымырандық және қорғаныстық әлеуетін сақтауға қатысты Батыс елдерінің шектеулерін ешқашан қабылдамайды",- деп мәлімдеді.

Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні америкалық New York басылымына берген сұхбатында ИИР-ның зымырандық және қорғаныстық әлеуетін сақтау қажеттігін қуаттады. Зариф Иранның баллистикалық зымырандарының атомдық қару-жарақтарды тасымалдау үшін жасалмағанын айтып: "Иранның зымырандық сынақтары "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының рухын бұзу дегенді білдірмейді. Бұл сынақтар тек қорғаныстық мақсатты көздейді",- деді.

Сонымен қатар Reuters ақпарат агенттігі жұма күні ИИР-ның өзінің зымырандық бағдарламасы жайлы сұхбаттасуға дайын екендігі туралы хабар таратты. Бұл уәжге реакция ретінде Иран СІМ ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми Reuters ақпарат агенттігінің Теһранның өзінің зымырандық бағдарламасы жөнінде сұхбаттасуға дайын екендігі жайлы жалған хабарламасын теріске шығарды.

Иранның зымырандық бағдарламасын шектеу үнемі АҚШ-тың мақсаты болып келді. Дональд Трамптың үкіметі әртүрлі жобаларды жүзеге асыру арқылы осы мақсатқа жету үшін көптеген талпыныс жасап жатыр. Осыған байланысты Ақ үйдің ақпарат хатшысы Сара Хакаби Сандерс жұма күні: "Трамп жақын арада АҚШ-тың Иранның зымырандық сынақтарына жауап қайтарады",- деп мәлімдеді.

АҚШ Иранның зымырандық сынақтары "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының рухын бұзды деген уәждер айтуда. "Ортақ қадам" бағдарламасына кепіл болған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына сәйкес, Иранға ядролық оқтұмсықтарды тасымалдай алатын баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізуге тыйым салынған. ИИР-дың жауапты тұлғалары Иранның баллистикалық зымырандарының ядролық оқтұмсықтарды тасымалдау үшін жасалмағанын бірнеше рет баса айтты. Негізінде Ислам революциясы жетекшісінің пәтуасына сәйкес, ядролық бомба жасау харам саналады. Қарудың бұл түрі Иранның әскери-қорғаныстық доктринасында қарастырылмаған.

Осы маңызды жайтты назарға алатын болсақ, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы Иранның зымырандық бағдарламасы үшін ешқандай шектеу жасамайды, тіпті бұл ядролық келісімде Иранның өзінің зымырандық әлеуеті жөнінде сұхбаттасу жүргізу қажеттігі жайлы ешнәрсе айтылмаған. Осындай жағдайда АҚШ-тың Иранның зымырандық бағдарламасы жайлы сұхбаттасу жүргізу мен осы салада оған шектеу қоюға бағытталған талпыныстары тек ашкөздік пен Иранды сенімді қауіпсіздік әлеуетінен айыру шеңберінде бағаланып отыр. Өзінің қорғаныстық әлеуетін нығайту әрбір мемлекет үшін қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін маңызды принцип саналады. Бұл мәселеден Иран да тысқары емес. ИИР ешқашан өзінің тежегіш қуатына байланысты шешім қабылдауды басқаларға бермейді. Трамптың "Ортақ қадамға" қарсы қоқан-лоққылары да Иранды бұл ойынға араластыра алмайды. Иранның зымырандық бағдарлама саласындағы әрекеті толығымен логикалық және түбегейлі әрекет саналады. Ал Иранның тежегіш қуатының ең маңызды бөлімін шектеуге талпыныс жасап жатқан ел "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзу үшін де теріс әрекеттер жасап жатыр.

Осы салада Financial Times басылымы жұма күні: "Дональд Трамп үкіметі Иранға қарсы қысымдарды күшейту мақсатында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын өзгертудің жолын іздеуде",- деп хабарлады.

Трамп үкіметінің қазан айының он бесінде "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты қандай шешім қабылдауынан тыс, Иран  өзін кез-келген таңдауға қарсы тұруға әзірледі. Мұхаммад Джавад Зариф New York басылымына берген сұхбатында: "Халықаралық заңдар мен ядролық келісімге сәйкес, Иранның көптеген таңдау жолдары бар. АҚШ "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығатын болса, Иранның қолында кез-келген сәтте таңдау жолдары бар",- деп баса айтты.