Ғасеми: Иран ешқашан бөгделерді өзінің қорғаныс саласына енгізбейді
(last modified Sun, 08 Oct 2017 08:12:18 GMT )
Қаз 08, 2017 14:12 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Иран ешқашан бөгделерді  өзінің қорғаныс саласына енгізбейді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «ИИР-ның қорғаныс саласындағы саясаты бар күш-қуатымен ілгерілей береді. Иран ешқашан бөгделерді өзінің қорғаныс саласына енгізбейді»,-деп қуаттады.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми сенбі күні Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Кейбір халықаралық ақпарат құралдары хабар таратып, Иран жуырда кейбір елдердің бұрынғы басшыларымен қорғаныс және зымырандық бағдарлама мәселелері жөнінде келіссөздер өткізді деген уәж айтты.  Бұл хабар түбірімен қате, сондықтан теріске шығарылады. Мұндай тақырып пен келіссөздер ешқашан ИИР үкіметінің күн тәртібінде болмаған, өйткені Иранның қорғаныс пен зымыранға қатысты саясаттары – талқыға салынбайтын тақырып»,-деп қуаттады.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы аймақтың күрделі жағдайына байланысты Иранның әскери күш-қуатын сақтау қажеттігін айтып: «Иранның саясаттары ешбір елге қарсы емес және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына да еш қайшылығы жоқ»,-деді. 

Reuters жұма күні «ИИР өзінің зымырандық бағдарламасы жайлы сұхбаттасуға дайын» деген хабар таратты.