Зариф: Иран АҚШ-қа тиісті жауап береді
Иран Сыртқы істер министрі: "ИИР аймақтағы өз саясатын басқалардың сөздерінен тәуелсіз түрде қалыптастыруды көздейді",- деді.
Мұхаммад Джавад Зариф Теһранда журналистердің алдында сөйлеген сөзінде: "АҚШ Президенті Дональд Трамп Иран мен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы стратегиясын жариялағаннан кейін ИИР уақыты келген кезде тиісті ауап қайтарады. Таяу Шығыс аймағы көптен бері АҚШ-тың қате саясаттары салдарынан қиындық көруде. Иран аймақта тұрақтылықтың факторы болып, тәкфиршіл лаңкестерге қарсы күресуде. Осы саладағы өз саясатын жалғастыруда. Қазіргі таңда әлем елдері үшін аймақтың шындықтары анықталды. АҚШ пен одақтастары Таяу Шығыс елдеріне көбірек қару сатуды көздеуде. Бұл мәселе өздеріне, яғни АҚШ пен аймаққа шығын келтіргеннен басқа нәтижеге жетпеді. ИИР өз саясатын халқының құқықтарын қорғау саласында қалыптастыруда",- деп баса айтты.