Велаяти: АҚШ Сақшылар корпусының аймақтағы рөлінен хабардар
(last modified Mon, 09 Oct 2017 09:01:52 GMT )
Қаз 09, 2017 15:01 Asia/Almaty
  • Велаяти: АҚШ Сақшылар корпусының аймақтағы рөлінен хабардар

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі: "Дұшпандар, әсіресе, АҚШ пен сионистер Ислам революциясы Сақшылар корпусының Иранның жүйесі мен оның аймақтағы достарын қорғауда қаншалықты маңызды екенін жақсы біледі",- деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Али Акбар Велаяти жексенбі күні АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары мен осы ел басшыларының Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы айтқан сөздеріне қатысты: "АҚШ 1979 жылы Иран Ислам революциясы басталғаннан осы уақытқа дейін ИИР-ға қарсы кез-келген дұшпандықтан бас тартқан емес",- деді.

Али Акбар Велаяти сондай-ақ, Ислам революциясы Сақшылар корпусының Сирия мен Иракқа көрсеткен консультативтік көмектеріне сілтеме жасап: "Егер Сақшылар корпусының консультативтік көмектері болмағанда, Бағдад пен Дамаскті бұл елдердің халық сайлаған қазіргі үкіметтерінің орнына  АҚШ-тың агенттері, яғни ДАИШ лаңкестік тобы билеп отыратын еді",- деп мәлімдеді.