Ғасеми: Иранның зымырандық бағдарламасы Қауіпсіздік кеңесінің №2231 резолюциясына қайшы емес
Иран Сыртқы Істер Министрлігінің баспасөз қызметінің хатшысы Иранның зымырандық бағдарламасын дамыту саясатының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №223 резолюциясына еш қайшылығы жоқ екенін мәлімдеді.
Баһрам Ғасеми баспасөз отырысында тілшілердің: "Ядролық және зымырандық келіссөздерде ИИР-ның ұстанымы өзгерді ме?" деген сұрағына: «Иранның саясатында ешқандай өзгеріс болған жоқ. Зымырандық бағдарламаны дамыту – ИИР-ның қорғаныс саясатының бір бөлімі. Бұл саясат бұрынғысынша шынайы түрде жалғасады. Ислам республикасы өз елінің қорғаныс мәселелеріне басқа елдерге араласуға рұқсат бермейді» деді.
Ғасеми Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Мохаммад Али Джафаридің Сақшылар корпусын лаңкестік топ деп атау ықтималына қатысты ескерту жасағанына тоқталып: «Америка басшылары өздерінің қателіктерінің жалғасында мұндай маңызды да стратегиялық қателікке ұрынбас. Бірақ, егер мұны жүзеге асыратын болса, Иран бұл елге қатаң жауап береді. Сол кезде Америка оның салдарларын қабылдауы керек болады» деді.
Иранның дипломатиялық аппаратының баспасөз хатшысы Иран мен Түркия және Ирак басшыларының Бағдадта өткізетін отырыстары мен Күрдістан аймағында өткен референдум туралы кеңесетіндіктеріне тоқталып: «Үш елдің арасында нақты да жүйелі байланыс орнаған. Үш ел басшыларының кездесетін уақыты жақында хабарланады» деді.