Дивизия генералы Джафари: Иранның дипломатиясы мен қорғаныстық бағдары бірдей
https://itolqyn.com/news/iran-i31555-Дивизия_генералы_Джафари_Иранның_дипломатиясы_мен_қорғаныстық_бағдары_бірдей
Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы: "Әртүрлі талдау жасалғанымен, ИИР-ның дипломатиясы мен қорғанысының бағдары бірдей",- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 10, 2017 15:55 Asia/Almaty
  • Дивизия генералы Джафари: Иранның дипломатиясы мен қорғаныстық бағдары бірдей

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы: "Әртүрлі талдау жасалғанымен, ИИР-ның дипломатиясы мен қорғанысының бағдары бірдей",- деді.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы дивизия генералы Джафари дүйсенбі күні кешке Теһранда өткен Ислам революциясы жеңісінің 40-шы жылдығына қатысты рәсімдерді үйлестіру туралы отырыста: "Иранның барлық бөлімдерінде дұшпан мен олардың ИИР-на қарсы қастандықтарына жарияланған ұстаным бірдей",- деді.

Сақшылар корпусының қолбасшысы АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен Сақшылар корпусына қарсы шара қолдану ықтималына  реакция білдіріп: "Иранның саяси, қорғаныстық және қоғамдық салалар бойынша АҚШ-тың әрекеттеріне жауап қайтараты күш-қуаты жеткілікті. Сонымен бірге Иран Сыртқы істер министрлігі мен қауіпсіздік және қорғаныс бөлімдерінің ұстанымдары да бірдей",- деп қуаттады.

АҚШ Президенті 2017 жылдың қазан айының 12 күні  "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы шешімін жариялауымен бірге елінің Иранға қарсы жаңа стратегиясы, соның ішінде Ислам революциясы  Сақшылар корпусына қарсы шешімін жариялайды.