Дивизия генералы Джафари: Иранның дипломатиясы мен қорғаныстық бағдары бірдей
Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы: "Әртүрлі талдау жасалғанымен, ИИР-ның дипломатиясы мен қорғанысының бағдары бірдей",- деді.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы дивизия генералы Джафари дүйсенбі күні кешке Теһранда өткен Ислам революциясы жеңісінің 40-шы жылдығына қатысты рәсімдерді үйлестіру туралы отырыста: "Иранның барлық бөлімдерінде дұшпан мен олардың ИИР-на қарсы қастандықтарына жарияланған ұстаным бірдей",- деді.
Сақшылар корпусының қолбасшысы АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен Сақшылар корпусына қарсы шара қолдану ықтималына реакция білдіріп: "Иранның саяси, қорғаныстық және қоғамдық салалар бойынша АҚШ-тың әрекеттеріне жауап қайтараты күш-қуаты жеткілікті. Сонымен бірге Иран Сыртқы істер министрлігі мен қауіпсіздік және қорғаныс бөлімдерінің ұстанымдары да бірдей",- деп қуаттады.
АҚШ Президенті 2017 жылдың қазан айының 12 күні "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы шешімін жариялауымен бірге елінің Иранға қарсы жаңа стратегиясы, соның ішінде Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы шешімін жариялайды.