Иранның күш-қуаты дипломатиясы мен қорғаныс жүйесінің бірлігінде
(last modified Tue, 10 Oct 2017 13:06:40 GMT )
Қаз 10, 2017 19:06 Asia/Almaty
  • Иранның күш-қуаты дипломатиясы мен қорғаныс жүйесінің бірлігінде

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы Иранның дипломатиясы мен қорғаныс жүйесінің бірлігін қуаттап, АҚШ Президентіне: "Трамп мырза біздің Сыртқы істер министрлігіміз және үкіметімізбен, сондай-ақ, жүректеріміздің бір екендігіне күмәнданбасын",- деді.

Дивизия генералы Мұхаммадали Джафари дүйсенбі күні журналистердің алдында: ""Әртүрлі талдау жасалғанымен, ИИР-ның дипломатиясы мен қорғанысының бағдары бірдей болды. Иранның саяси, қорғаныс және қоғамдық салаларда АҚШ-тың әрекеттеріне жауап қайтаратын күш-қуаты жеткілікті",- деді.

Ислам революциясы жеңіске жеткен кезде дұшпандардың Ирандағы өз мүдделерін алға ілгерілету мақсаттарының бірі әртүрлі органдардың арасын алыстату болды. Олар Иранда әскери және саяси бөлімдердің арасында қашықтық бар деп көрсетіп, осы тұрғыдан өз мақсаттарына жетпек болды. Бірақ, Ислам революциясы өмірінің 40 жылдық тәжірибесі жүйенің мүддесіне қатысты мәселе бойынша, әсіресе дұшпандарға ұстаным білдіру саласында елдің барлық жүйесінің ұстанымдарының бірдей екенін көрсетті. Мұндай жағдайда әскерилердің АҚШ-тың қоқан-лоққыларына ескерту тілімен жауап беретіні табиғи мәселе.  Иранның дипломатиялық органы дипломатиялық ұстанымымен АҚШ-тың қоқан-лоққыларына жауап қайтарады. Бұл ұстанымды баяндау түрі өзгеше  болғанымен, ұстанымның негізі мен бағдары бірдей. Мәселен, АҚШ Президенті Дональд Трамп үкіметінің Ислам революциясы  Сақшылар корпусын лаңкестік ұйымдар тізіміне қосу ықтималына қатысты Иранның дипломатиясы мен әскери жүйесінің ұстанымы бірдей.

Бұл салада Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні кешке АҚШ-тың Сақшылар корпусын лаңкестік топтар тізіміне қосу ықтималына қатысты ескерту жасап: "АҚШ басшылары мұндай стратегиялық қателік жасаса, ИИР қарсы шара қолданады және бұл туралы тиісті уақытта жариялайды",- деді. Бұдан бұрын Сақшылар корпусының қолбасшысы генерал Джафари: "АҚШ үкіметінің Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестік топтар тізіміне енгізу туралы хабар рас болса, Сақшылар корпусы да әлемнің түкпір-түкпіріндегі, әсіресе Таяу Шығыс аймағындағы АҚШ армиясын ДАИШ лаңкестік тобына тең деп санайды",- деп баса айтқан болатын.

Бұл екі ұстаным Иранның дипломатия және қорғаныс жүйелерінің Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бері әрқашан Иранның мақсаттары мен құндылықтарын, ұлттық күш-қуаты мен қорғаныс және қауіпсіздік мүмкіндіктерін дұшпаннан қорғаудағы ұстанымдарының бірдей екенін көрсетеді. Дипломатиясы мен қорғаныс жүйесінің бір бағдарды ұстануы ИИР-н стратегиялық батыс Азия аймағының ықпалды ойыншысына айналдырды. Бүгін Иранның Сирия мен Ирактағы дипломатиясы және кеңесшілерінің арқасында АҚШ пен одақтастарының аймақтағы бірнеше жылдық мақсаттары нәтижеге жетпеді. Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусына қарсы Трамп үкіметінің қоқан-лоққылары осы мәселеге қатысты.

Ислам революциясының Сақшылар корпусы – Ислам революциясының жеңіске жеткеннен бері оның мақсаттары мен құндылықтарын қорғап, дұшпанның қоқан-лоққыларын залалсыздандырған халықтық орган. 

Сақшылар корпусы Иран мен Ислам революциясының және мемлекет шекараларының қорғаушысы болып, Сирия мен Иракта кеңес беруші ретінде маңызды рөл атқарды. Осы салада Ислам революциясы  жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Салехи: "Егер Сақшылар корпусының кеңесшілік көмектері болмағанда, халықтың дауысымен сайланған Ирак пен Сирияның қазіргі үкіметтерінің орнына Бағдад пен Дамаскті АҚШ құрған ДАИШ лаңкестік тобы билейтін еді",- деп қуаттады.