БҰҰ-ның Венадағы штаб-пәтерінде Иранның ұйымдастыруымен әлемдік Наурыз күні аталып өтті
(last modified Fri, 25 Mar 2016 11:53:58 GMT )
Нау 25, 2016 17:53 Asia/Almaty
  • БҰҰ-ның Венадағы штаб-пәтерінде Иранның ұйымдастыруымен әлемдік Наурыз күні аталып өтті

БҰҰ-ның Венадағы штаб-пәтерінде ИИР-ның өкілдігінің мұрындық болуымен және кейбір елдердің өкілдерінің қатысуымен әлемдік Наурыз күні аталып өтті.

ИРНА-ның хабарлауынша, ИИР-ның БҰҰ-дағы өкілі Реза Наджафи осы мерекенің тойлануы туралы: "Наурыз - Иранның көне мейрамдарының бірі. Наурызды мерекелейтін бірқатар елдердің Бас Ассамблеяда қабылдаған қарарына сәйкес, 21 наурыз күні әлемдік Наурыз күні ретінде танылды" деді.

Бұл күн БҰҰ-ның Нью-Йорк, Женева және Венадағы штаб-пәтерлерінде аталып өтеді. Биылғы жылы да ИИР-ның мұрындық болуымен бұл мереке Венадағы БҰҰ-ның штаб-пәтерінде тойланып, Наурызды тойлайтын елдер, соның ішінде, Ауғанстан, Әзірбайжан Республикасы, Пәкістан, Ирак, Қырғызстан, Қазақстан, Түркия мен осы аймақтағы елдердің өкілдері аталмыш мерекелік шараға қатысты.

Наджафи бұл мерекелік шараның өткізілуінің мақсатын Наурыз мәдениетімен танысу деп атап: "Наурыз - мезгілдің ауысуы, бейбітшілік, адамдар арасындағы мейірім мен сенім мәдениеті. Біз осындай мейрамдарды атап өту арқылы халықаралық қауымдастықты ирандық мәдениетпен неғұрлым көбірек таныстырамыз деп үміттенеміз" деді.