Велаяти: «Алтылық» тобы АҚШ-ты "Ортақ қадамға" қатысты міндеттемелеріне берік болуға мәжбүрлейді
Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын америкалықтар оның күшін біржақты түрде жоятындай екіжақты келісім емес деп атады.
Али Акбар Велаяти бейсенбі күні Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трамптың "Ортақ қадамға" қатысты реакциясын болжауға келмейтін әрекет деп атап: "Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасына беріктігі сегіз рет Атом қуаты халықаралық агенттігі тарапынан расталды. Ешкім Иранның бұл келісімге берік болу, болмауына бағыт бола алмайды.
Америкалықтар кез-келген әрекет жасайтын болса, күмәнсіз, Иран да олардың әрекеттеріне өзінің тиісті түрде жауап беру құқығы сақталған деп санайды.
"Ортақ қадам" бағдарламасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде қабылданған халықаралық келісім. Енді "алтылық тобының" мүшелері АҚШ-ты Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі тарапынан және "Ортақ қадам" келіссөздері арқылы анықталған шеңберден шығып кетпеуге мәжбүрлеуі тиіс",- деді.