Америкалықтардың Ислам революциясының Сақшылар корпусына ашу-ыза білдіруінің себептері
(last modified Sat, 14 Oct 2017 02:34:32 GMT )
Қаз 14, 2017 08:34 Asia/Almaty
  • Америкалықтардың Ислам революциясының Сақшылар корпусына ашу-ыза білдіруінің себептері

Иранның Қорғаныс министрі АҚШ үкіметі мен сол елдің басқа да басшыларының Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы жуырдағы қоқан-лоққыларына реакция білдіріп: "Сақшылар корпусы – лаңкестікке қарсы тұрған ең мықты орган. Бұл орган ол аймақтағы лаңкестікке қарсы күрестің алғы шебінде орналасқан",- деді.

Иранның Қорғаныс министрі Амир Хатами бейсенбі күні сөйлеген сөзінде: "Иранның Ислам революциясының Сақшылар корпусы мен армиясы және басқа да күштері АҚШ үкіметінің саясаттары мен дұшпандық әрекеттеріне қарсы бірігіп, гибридтік соғыс пен лаңкестікті таратып, аймақтың қауіпсіздігін қатерге тіреуге рұқсат бермейді",- деп қуаттады.

Ислам революциясының Сақшылар корпусы – Ислам республикасы жүйесінің маңызды да ықпалды органдарының бірі. Ислам революциясының мақсаттарын қорғап, дұшпанның ислам революциясына қарсы қастандықтарын залалсыздандыру – бұл органның ең маңызды міндеттерінің бірі. Ислам революциясының Сақшылар корпусы имам Хомейнидің қырағылығымен Ислам революциясыны негіздерін қорғау мақсатында құрылды. Иранның Ислам революциясының орын алған күнінен шамамен 40 жыл өткенімен, Ислам республика  жүйесін алға ілгерілету мен әртүрлі, әсіресе әскери саладағы Иранның күш-қуатын арттыру саласында маңызды рөл атқаруда. Ислам революциясы жеңіске жетісімен дұшпандар аталмыш революцияға соққы беру үшін қысқа, орта және ұзақ мерзімді мақсаттарын жобалады. Ислам республикасы жүйесін құлату олардың ұзақ мерзімді бағдарламаларының бірі болды. Бірақ Ислам революциясы Сақшылар корпусы сынды маңызды органның болуы оларға қастандықтарын орындауға рұқсат етпеді. Дәл осы мәселе АҚШ-тың ызасына себеп болды.

Ислам революциясының Сақшылар корпусы ислам респбуликасы жүйесінің саяси күшіне ықпал етуімен бірге аймақ саласында да Иранға қарсы бұл елдің шекарасының сыртындағы қоқан-лоққыларды анықтап, оларды жойды. Сирияда гибридтік соғысты бастаудың соңғы мақсаты ИИР-на қарсы тұру болды. Ислам революциясы Сақшылар корпусының лаңкестерге қатысты  табандылығы америкалықтар мен сионистер қолдайтын лаңкестерге қарсы тұрып, АҚШ пен одақтастарының  жобаларын сәтсіздікке ұшыратты.

Ислам революциясының Сақшылар корпусы "жұмсақ күш" және "ауыр күш" сынды мүмкіндіктерін күн сайын пайдаланып, дұшпандардың жүйеге қарсы қастандықтарын залалсыздандырып, олардың мақсаттарын сәтсіздікке тіреді. АҚШ әрқашан Иранның әртүрлі органдарын жаманатты көрсетуді көздеуде. Сирия мен Ирактағы лаңкестікке қарсы күресте маңызды рөл атқарып отырған Сақшылар корпусын нысанаға алуын да осы салада бағалауға болады. Аймақ халқын Сақшылар корпусынан қорқыту – кейбір араб режимдерінің қолдауына ие америкалық-сионистік қастық. Оның мақсаты – аймақтағы лаңкестіктің тамырын құртып жатқан органды лаңкестікпен айыптау.

Сирия мен Ирактағы америкалық әскерилердің әрекеттері ДАИШ тобының әрекеттеріне ұқсас болып отыған жағдайда Дональд Трамп үкіметі Ислам революциясының Сақшылар корпусын АҚШ-тың қара тізіміне енгізу үшін әрекет етуде. Сирия мен Ирактағы қарапайым халықты нысанаға алу, түнделетіп Сириядағы ДАИШ басшыларының орнын ауыстыру, лаңкестерге қару-жарақ жіберу – америкалық әскерилердің әшкере әрекеттері. Бұл шындық Трамп үкіметінің аймақтағы лаңкестікке қарсы ең құдыретті әрі ең сүйікті күш – Ислам революциясының Сақшылар корпусына қарсы әрекеттерінің дұшпандық екенін көрсетеді. Мұндай жағдайда АҚШ-тың Сақшылар корпусына қарсы әрбір әрекеті қатаң реакциямен кезігеді. Сол себепті Иранның Қорғаныс министрі Амир Хатами: "Ислам революциясының Сақшылар корпусын лаңкес деп атап, оған қарсы санкция қолдану – АҚШ үкіметі тарапынан  жасалған лаңкестік әрекеттің бір түрі",- деді.