Теһран жұма намазының құтпалары
Қаз 14, 2017 15:58 Asia/Almaty
Теһран жұма намазының имамы Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі туралы референдумның өткізілгеніне сілтеме жасап: "Дұшпан "жаңа Таяу Шығыс" құру туралы үмітін өзімен бірге көрге әкетеді",- деді.
Аятолла Мұхаммад Али Мохаведи Кермани Теһран жұма намазының осы аптадағы құтпаларында Ирактың Күрдістан аймағының басшысы Масуд Барзаниге бұл елдің Орталық үкіметімен қоса, Ирак халқынан кешірім сұрап, сионистік режимнің аймаққа ықпал етуіне жағдай жасамауға кеңес берді.
Теһран жұма намазының имамы сондай-ақ АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық әрекеттеріне тоқталып: "АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы сөздері АҚШ-тың Ислам республикасы жүйесімен дұшпандығын ашық көрсетті",- деді.
Тегтер