Иранның Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы қорғаныстық күш-қуатты нығайтуды қуаттады
https://itolqyn.com/news/iran-i3175-Иранның_Сыртқы_істер_министрлігінің_ақпарат_хатшысы_қорғаныстық_күш_қуатты_нығайтуды_қуаттады
ИИР-ның Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы: "Иранның зымырандық бағдарламасының "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына ешқандай қатысы жоқ" деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 25, 2016 18:52 Asia/Almaty
  • Иранның Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы  қорғаныстық күш-қуатты нығайтуды қуаттады

ИИР-ның Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы: "Иранның зымырандық бағдарламасының "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына ешқандай қатысы жоқ" деді.

ИРНА-ның хабарлауынша, Садеқ Хосейн Джабери Ансари бейсенбі күні АҚШ-тың Иранның зымырандық бағдарламасына көмектесті деген сылтаумен санкциялар тізіміне бірнеше адамның есімін қосуына реакция ретінде: "Иранның зымырандық бағдарламасының "Ортақ қадам" бағдарламасына ешқандай қатысы жоқ. Сондай-ақ, бұл Қауіпсіздік кеңесінің 2231 қарарын бұзбайды. Иранның зымырандық бағдарламасы толығымен қорғаныстық мақсаттарды көздейді. Ешкім Иранды қорғаныстық күш-қуатты нығайту және өзінің ұлттық қауіпсіздігін қорғаудағы заңды құқығынан айыра алмайды" деді.

Джабери Ансари Иранның зымырандық бағдарламасының тек ұлттық егемендікті қорғау және лаңкестікпен күрес мақсаттарын көздейтінін, сондай-ақ, аймақтық және әлемдік ортақ мүдделермен бағыттас екенін қуаттады.

Ол сонымен қатар АҚШ үкіметінің аймақ пен әлемде тұрақсыздық тудыратын әрекеттердің орнына Азияның батысын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, соның ішінде, сионистік режимнің ядролық қаруларын жою, АҚШ-тың одақтастарының Сирия мен Йемендегі қылмыстарын тоқтату және ИСИМ мен басқа да лаңкестік топтармен шынайы түрде күресуі керек екенін айтты.