Генерал Салами: АҚШ даурықпа сөздерімен Исламдық жүйенің беделін түсіре алмайды
(last modified Wed, 18 Oct 2017 03:15:36 GMT )
Қаз 18, 2017 09:15 Asia/Almaty
  • Генерал Салами: АҚШ даурықпа сөздерімен Исламдық жүйенің беделін түсіре алмайды

Ислам Революциясы Сақшылар корпусының Бас қолбасшысының орынбасары АҚШ Президенті Дональд Трамптың даурықпа, бос сөздің адамы екенін қуаттап: «АҚШ-тың мұндай бос айқайы Исламдық жүйенің айбыны мен беделін түсіре алмайды» деді.

ИИР Телерадио бірлестігінің хабарлауынша бригада генералы Хосейн Салами сейсенбі күні Решт қаласындағы Ислам Революциясы Сақшылар корпусының имам Хомейни атындағы Әскери-теңіз университеті студенттерінің оқу курстарының ашылу салтанатында: "АҚШ басшыларының, әсіресе Трамптың басқаруындағы үстемшілдердің даурықпа, бос сөздері Иран халқының айбыны мен Ислам Революциясы Сақшылар корпусының әскери және қорғаныстық әлеуетін ешқашан кеміте алмайды",-деді.

Генерал Салами әлемнің көптеген елдеріндегі, әсіресе халықаралық институттардағы АҚШ-тың үстемдігінің күннен күнге төмендеп келе жатқан үдерісінен сараптама келтіріп: "Бүгінде тіпті Батыстың көптеген елдері де АҚШ Президентінің артық талап етушілігіне қарсылық көрсетіп отыр. Бұл әлемдік саяси жағдайдағы түбегейлі өзгерісті байқатады.

АҚШ-тың экономикалық және қаржы санкциялары және шектеулерімен күресудің жалғыз жолы – ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің қарсыласу экономикасына қатысты нұсқауларын шынайы жүзеге асыру үшін талпыныс жасау» деді.