Лариджани: Иран ядролық жұмыстарын жалғастыру саласында кодификацияланған бағдарламаға ие
https://itolqyn.com/news/iran-i31808
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы егер АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығатын болса, Иранның өз ядролық жұмыстарын жалғастыратын дайын бағдарламасы бар екендігін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 18, 2017 14:20 Asia/Almaty
  • Лариджани: Иран ядролық жұмыстарын жалғастыру саласында кодификацияланған бағдарламаға ие

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы егер АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығатын болса, Иранның өз ядролық жұмыстарын жалғастыратын дайын бағдарламасы бар екендігін қуаттады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани  NTV  және Russia-1  арналарына берген сұхбатында АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығу ықтималына тоқталып: "АҚШ-ның шаралары алдындағы Иранның бағдарламасы белгілі. ИИР америкалықтар өкінетіндей әрекет етеді",- деді.

Лариджани Иранның АҚШ Президенті Дональд Трамптың бұл елдің ядролық мәселесіне қатысты уәждеріне білдірген реакциясы туралы: "Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табандылығын растау – Трамптың міндеті емес, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің міндеті. Бұл агенттік осы кезге дейін Иранның ядролық келісімге табандылығын сегіз рет растады. Америкалықтар саясатта тұрақсыз. Бұл фактор егер АҚШ оғаш әрекетке баратын болса, онымен ешкімнің ынтымақтастық жасамауына себеп болады",- деді.