Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: Америка – халықаралық сионизмнің қалауын жүзеге асырушы
(last modified Wed, 18 Oct 2017 13:34:14 GMT )
Қаз 18, 2017 19:34 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: Америка – халықаралық сионизмнің қалауын жүзеге асырушы

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Американы халықаралық сионизмнің қалауын жүзеге асырушы деп атап: "Америка – ДАИШ лаңкестік тобы мен тәкфірлік ағымын қалыптастырды. Сол себепті ДАИШ-қа қарсы тұрған күшке ашулы" деп қуаттады.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бүгін таңертең елдің жас элитасының бір тобымен кездесуде: "Біз Американың үстемшілдігін тоқтаттық. Сонымен қатар, Американың дұшпандығына қарамастан күшейіп, дамыдық" деді. 
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі жетістіктердің барлығына санкция кезеңінде қол жеткізілгенін айтып: "Бүгін ИИР Американың Ливан мен Сириядағы және Ирактағы жоба-жоспарларын бұзды. Бұл жолы да Американың жойқын жауаппен бетпе-бет келіп, Иран халқынан жеңіліс табатындығына барша сенімді болсын. Еуропалық үкіметтер "Ортақ қадам" мәселесін қуаттап, Америка президентінің сөздерін айыптады. Біз олардың қатынастарын қабылдаймыз. Бірақ, олардың: ""Ортақ қадам" келісімін жыртпаңдар. "Ортақ қадам" біздің мүддемізге сай" деп айтқаны жеткіліксіз" деді. 
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі еуропалық елдерге қаратып: "Еуропа Американың іс жүзіндегі шараларына қарсы тұрып, Иранның қорғаныс мәселелеріне енуден бой тартып, Американың күш көрсеткен сөзіне ермеуі керек. Америка президентінің ақылсыздығы бізді Американың айласынан  тосылтпасын. Қарсы тарап "Ортақ қадам" келісімін жыртпаса, біз оны бірінші болып жыртпаймыз. Бірақ, егер олар аталмыш келісімді жыртатын болса, біз оны ұстақтап тұрып жыртамыз" деді.
 

 

Тегтер