Хошру: Израиль тарихтағы ең ұзақ трагедияны тудырды
ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі сионистік режимнің осы уақытқа дейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 68 қарарына немқұрайлық танытқанын айтып: "Израиль режимінің тарихы Палестина жерін басып алумен басталып, басқа елдерге басқыншылық жасаумен жалғасты",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ғұламәли Хошру сәрсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Таяу Шығыс пен Палестинаның жағдайын талқылауға арналған жиналысында сөйлеген сөзінде: "Сионистік режимнің Палестинаны басып алуы және басқыншы саясаттары Таяу Шығыстағы дағдарыстардың ошағы болып отыр",-деді.
ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі АҚШ-тың Құдсты басып алған режимге жан-жақты қолдау көрсетіп отырғанына тоқталып: "Израиль АҚШ-тың қолдауымен палестиналықтарға қарсы сансыз қылмыстар мен басқыншылық жасап, тарихтағы ең ұзақ трагедияны тудырды",-деді.
Хошру, сондай-ақ, сионистік режимнің жаппай қырып-жоятын қаруларының (химиялық, биологиялық және ядролық) Таяу Шығыс аймағының бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне ең үлкен қатер екенін айтты.