Ислам революциясы Сақшылар корпусы Иранның зымырандық қорғаныс әлеуетін ілгерілетуді жалғастыру қажеттігін қуаттады
(last modified Thu, 19 Oct 2017 16:37:10 GMT )
Қаз 19, 2017 22:37 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы Сақшылар корпусы Иранның зымырандық қорғаныс әлеуетін ілгерілетуді жалғастыру қажеттігін қуаттады

Ислам революциясының Сақшылар корпусы революциялық органның үстемшіл әрі сионистік жүйемен үздіксіз күрестегі жігері мен еркін баса айтып, Иранның зымырандық қорғаныс әлеуетін дамыту қажеттігін қуаттады.

Сақшылар корпусының Sepah news баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Ислам революциясының Сақшылар корпусы бейсенбі күні мәлімдеме жариялап, Иран халқы мен жауапты тұлғаларының АҚШ президенті Дональд Трамптың осы ұйымға қарсы айтылған арсыз сөздеріне кесімді жауап ретінде қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп: "АҚШ президентінің Сақшылар корпусына қарсы жаңа санкция жариялаудағы дұшпандық ұстанымдары Ақ үй мен сионистік режим басшыларының аймақ картасын өзгерту, ислам елдерін бөлу және оларды әлсірету мақсатындағы саясаттарының жеңіліс табуында маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.

Илаһи рақымның арқасында және дұшпандардың, әсіресе АҚШ пен халықаралық сионизмнің жүйесі көр соқыр болғандықтан, ИИР-ның аймақтық ықпалы, күш-қуаты мен зымырандық қуаттын арттыру жоғары жылдамдықпен және үзіліссіз артып, жалғасады",- деді.