Иран Ауғанстан мешіттеріне жасалған лаңкестік шабуылдарды айыптады
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы көптеген намазханның қаза болуына соқтырған Ауғанстандағы Кабул мен Ғур қалаларындағы мешіттерге жасалған лаңкестік шабуылдарды айыптады.
Баһрам Ғасеми жұма күні Ауғанстанның Кабул және Ғур қалаларында орналасқан мешіттерге жасалған бұрын-соңды болмаған қанкұйлы лаңкестік шабуылдарға реакция білдіріп, Ауғанстан үкіметі мен халқының қайғысына ортақтастық білдіріп: "Көрші Ауғанстан елінде діни келіспеушілік пен қауіпті жағдай тудырудан басқа ешнәрсені көздемеген адамгершілік пен діннен жұрдай қанішер лаңкестер мен надан тәкфіршілер тағы да Ауғанстанның мазлұм және бейкүнә халқын өздерінің жиіркенішке толы соқыр шабулдарының нысанасына алды. ИИР зорлық-зомбылық, қылмыс, лаңкестік пен қауіптің тамыры толығымен жойылғанға дейін Ауғанстанның қарсыласушы үкіметі мен халқының жанынан табылады",- деді.
Шабуылдың жауапкершілігін ДАИШ лаңкестік тобы мойнына алды. Ауғанстанның Кабул және Ғур қалаларындағы мешіттерге жасалған осы шабуылдардың салдарынан 72 адам шәһид болып, көп адам жараланды.