Иран зорлық-зомбылық пен әсірешілдікке қарсы әлемдік одақ құру туралы бастама жасады
(last modified Sat, 21 Oct 2017 10:34:37 GMT )
Қаз 21, 2017 16:34 Asia/Almaty
  • Иран зорлық-зомбылық пен әсірешілдікке қарсы әлемдік одақ құру туралы  бастама жасады

ИИР-ның вице-президенті Джаһангири: "Иран зорлық-зомбылық пен әсірешілдікке қарсы және ортақ мүдделер мен «ұтыс»-«ұтыс» стратегиясына негізделген келіссөздерді қолдайтын әлемдік одақ құруға бастама білдіреді",- деді.

Исхақ Джаһангири жұма күні Түркияның Стамбул қаласында өткен D-8 тобының тоғызыншы саммитінде келіссөздердің әлемдік және аймақтық дағдарыстардың шешім жолы екенін баса айтып: "Қазіргі әлемдегі әртүрлі дағдарыстар мен қауіп-қатерлердің пайда болуының себебі әлемдік үстемшілдік пен бөгде елдердің араласушылық саясат ұстануы, аймақтық әсірешілдік пен зорлық-зомбылықтың дамуы саналады.

Бүгінгі әлемде тайпа, ұлт және діннің атын жамылған отарлау мен әсірешілдік және зорлық-зомбылық кезеңдеріндегі біржақтылыққа жол жоқ",- деді.

Джаһангири исламдық елдердің АҚШ пен сионистік режимнің қазіргі үкіметінің үстемшіл және әсірешіл саясаттарымен күресуі қажеттігін қуаттап: "Әсірешіл және әскери шешімдер келіссөзге негізделген шешім жолының орнын басып, мұсылман мемлекеттерінің күнәсіз халқының жаны өлім қатеріне тігілмеуі тиіс.

Өкінішке орай, Палестина, Ирак, Ауғанстан, Иемен, Бахрейннің мазлұм халықтары соғыс отына күйіп, Мьянманың рохинья мұсылмандары да геноцид пен әсірешілдіктен азап шегуде",- деді.