Джахангири: Әлем халықтарының АҚШ Президентінің сөзіне құлақ аспауы бұрын-соңды болмаған жағдай
ИИР Вице-президенті АҚШ Президенті Дональд Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы ұстанымдарына тоқталып: "АҚШ Президенті Иран сияқты елмен осылайша сөйлесіп, әлемнің оған көңіл аудармауы тарихта сирек кездеседі",-деп қуаттады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР-ның Вице-президенті Исхақ Джахангири сенбі күні Теһранда Ұлттық экспорт күніне арналған рәсімде: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жүзеге асырылғаннан кейін халықаралық кеңістікте Иранмен жұмыс жасау үшін өте оңтайлы жағдай қалыптасты, өйткені әлем Иранның маңызды орынға ие екенін біледі",-деді.
Джахангири АҚШ, Африка, Еуропа мен Азияның Иранмен әріптестік жасағысы келетінін айтып, осы мұрсатты қолдану қажеттігін қуаттады.
ИИР Вице-президенті, сонымен қатар, Ислам революциясы жетекшісінің Иранның бірнеше елден басқа бүкіл әлеммен қарым-қатынасты кеңейтуге мүдделі екендігін айтқан сөздеріне тоқталып: "АҚШ-тың саясаткерлері америкалық компанияларды Иранмен байланыстың артықшылықтарынан мақұрым қалдырды",-деді.